Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТМД-НЫҢ III ОЙЫНДАРЫНДА 8 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

02.10.2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТМД-НЫҢ III ОЙЫНДАРЫНДА 8 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Әзербайжан Республикасында өтіп жатқан ТМД елдерінің III ойындарында Қазақстан құрама командасы стенд атудан табысты өнер көрсетіп, барлығы 8 медальға ие болды.

Жарыс нәтижелері бойынша:
Лидия Башарова – қола медаль (скит, жеке сын, әйелдер)
Ратмир Еникеев – қола медаль (скит, жеке сын, ерлер)
Наргиза Сарманова – қола медаль (трап, жеке сын, әйелдер)
Богдан Конченко – қола медаль (трап, жеке сын, ерлер)

Бұған дейін қазақстандық спортшылар екі күміс медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ұлттық құрама 2 күміс және 6 қола медальмен жарысты қорытындылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі спортшыларымызды және бапкерлер құрамын лайықты жетістіктерімен құттықтайды! 

Бөлісу: