Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРЕК ВЕЛОСПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА АЙЫРЫҚША ДАЙЫНДЫҚПЕН АТТАНАДЫ

16.10.2025

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРЕК ВЕЛОСПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА АЙЫРЫҚША ДАЙЫНДЫҚПЕН АТТАНАДЫ

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Сантьяго (Чили) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамын жариялады. Құрамда жеті спортшы бар. Жүлде үшін төмендегі атлеттер бақ сынайды:

  • Рамис Дінмұхаметов
  • Дмитрий Носков
  • Әлішер Жұмақан
  • Илья Карабутов
  • Кирилл Курдиди
  • Рамазан Мұхтар
  • Данияр Шаяхметов

Әлем чемпионаты 22–26 қазан аралығында өтеді.

Спортшылардың әрқайсысы маусым бойы үздік көрсеткіштер көрсетіп, халықаралық жарыстарда тәжірибе жинады. Команданың мақсаты – жеке және командалық жарыстарда финалға өтіп, медальдар жиынтығын қоржынға салу.

Бапкерлер штабының айтуынша, дайындық кезеңі табысты өтті. Велошабандоздар түрлі жаттығу жиындарынан өтіп, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырған.

Қазақстан құрамасы Чилидегі жарыста спринт, кейрин және командалық жарыстарға қатысады деп күтілуде. Команда жанкүйерлерінің сенімін ақтап, ел намысын абыроймен қорғайды деген үміт зор.

Бөлісу: