Жаңалықтар
ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ!
31.10.2025
ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ!
2025 жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Иордания Хашимит Корольдігінің Акаба қаласында жастар (U23) және юниорлар (U19) арасындағы Азия чемпионаты өтуде.
«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жарыста сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды:
U23 санатында — Егор Крупяков 3-орын иеленді.
U19 санатында — Диана Ержанова да жүлделі үшінші орын алды.
Триатлоншыларымызды сенімді өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз!