Жаңалықтар
Қазақстандық мерген италиядағы әлем кубогының қола жүлдегері!
14.07.2023
ЭДУАРД ЕЩЕНКО "скит/микс" аралас жаттығуының финалында қола медаль жеңіп алды
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 8-17 шілде аралығында Лонато қаласында (Италия) стендтік атудан Әлем кубогы басталған болатын, жарысқа әлемнің 40 елінен 350-ден астам спортшы қатысады.
Қазақстан құрама командасын 12 мықты спортшы ұсынады.
Спортшылар келесі пәндерде өз шеберліктерін көрсетеді:
- скит;
- трап;
- скит-микс.
Құттықтаймыз!!!
Айта кетейік, стендтік ату бойынша Әлем Кубогы рейтингтік турнир болып табылады, ол ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге мүмкіндік береді және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға рейтинг бойынша лицензия алуға мүмкіндік береді.