Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АЛМАТЫДА СПОРТШЫЛАР КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

04.12.2024

2024 жылғы 3-5 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Олимпиадалық даярлау орталығының (ОДО) триатлон бөлімшесінің спортшыларына арналған оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты атлеттердің физикалық жағдайын және олардың алдағы болатын жарыстарға дайындығын бағалауға бағытталған кешенді медициналық және функционалдық тексерулер жүргізу болып табылады. 
ОЖЖ аясында спортшылар тесттер мен жаттығулардан өтті, соның ішінде:

  • Денсаулықты тексеру: жүрек-қантамыр жүйесінің көрсеткіштерін бақылау, физикалық белсенділік деңгейін және оның ағзаға әсерін талдау.
  • Спорттық сынақтар: функционалдық мүмкіндіктер мен төзімділікті бағалауға бағытталған жүгіру, жүзу және велосипед жаттығулары.
  • Консультациялар: жеке ұсыныстар жүгізу үшін оңалту және спорттық медицина мамандарымен жұмыс істеу.
Осындай оқу-жаттығу жиындарын өткізу спортшыларды қарқынды жүктемелерге дайындап қана қоймай, денсаулыққа қатысты ықтимал мәселелерді уақтылы анықтап, жоюға мүмкіндік береді. Әсіресе ұлттық және халықаралық жарыстар қарсаңында өте маңызды. ОЖЖ бағдарламасы аға жаттықтырушы Каролина Гидичдің басшылығымен ұйымдастырылып, өткізілді.
Спортшыларымыз аталған оқу-жаттығу жиынынан жаңа жеңістерге жету жолында септігін тигізетін жаңа нұсқаулар мен жаттығу жоспарларымен оралары анық. 

Спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен үлкен жетістіктер тілейміз!

Бөлісу: