Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

МАРИЯ БРОВКОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДАЛУДА

14.10.2024

Байдарка және каноэде есу бөлімшесінің спортшысы Мария Бровкова тәжірибелі жаттықтырушы Сергей Тиуновтың жетекшілігімен Өзбекстанның Ташмор қаласында оқу-жаттығу жиынына қатысуда. 27 қазанға дейін жалғасатын спорттық шара алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады. Осы уақыт ішінде Мария өзінің физикалық дайындығын шыңдап, біліктілігін арттырады.

Байдарка мен каноэде есу күш пен жылдамдықты талап ететін күрделі спорт түріне жатады. Әсіресе, қыз баласы үшін оңай емес. Бірақ біз талантты ескекшіміз Марияға сенім артамыз, оның кәсібилігінде күмән жоқ. Бұрымдының еңбегі жемісін беріп, халықаралық бәсекелерде Қазақстанның атын талай мәрте шығарады деген үміттеміз!

Естеріңізге сала кетейік, Мария Бровкова Париждегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғады. Отандасымызға сәттілік серік болсын! Алға, Мария!

Бөлісу: