Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН «BIZKAKOIOREAK» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

15.08.2025
ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН «BIZKAKOIOREAK» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

14–15 тамыз күндері Испания Корольдігінің Эрмуа қаласында тас жол велоспорттан халықаралық «Bizkakoioreak» жарысы өтті. Бұл байрақты бәсекеге түрлі елдерден ең мықты жас спортшылар қатысты.

Жарыс бағдарламасына топтық кезеңдер енгізілген:
• 1-кезең — 65,3 км
• 2-кезең — 70,6 км
Аталған жарыста Қазақстан атынан «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысты. Команданы тәжірибелі жаттықтырушы Валентина Анатольевна Брусенская дайындаған.

Құрамында 4 құрамы:
1. Буренкова Ангелина
2. Елькина Мария
3. Проскурина Анна
4. Абылғазы Аружан

Мұндай халықаралық жарыстарға қатысу – спортшылар үшін өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетуге ғана емес, сонымен қатар кәсіби мансаптарын дамытуға, тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік.

Бөлісу: