Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Бүгін Олимпиада ойындарында М.Бровкова мен Р.Искакова бақ таластырады

06.08.2024

Бүгін Париждегі Олимпиада ойындарында байдарка мен каноэде ескек есу бөлімшесінің спортшылары Мария Бровкова мен Руфина Искакова Қазақстан намысын қорғайды.

Қос спортшының жеткен жетістіктерін еске сала кетейік: Мария жастар арасында өткен Әлем чемпионаттарынан алтын медальдар жеңіп алған, Еуропа мен Азияда өткен халықаралық турнирлерде күміс және қола медальдарға ие болды. Сонымен қатар, ұлттық чемпионаттарда талай мәрте жеңімпаз атанған.

Ал Руфина – Азия чемпионаты мен халықаралық турнирлердің күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионаттары мен ұлттық жарыстардың жеңімпазы. Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: