Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТРЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВЕЛОСПОРТ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ

15.08.2025


Қазақстан велоспорт федерациясы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жазғы велосезонның ең маңызды оқиғаларының бірі — велотрек спортынан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатын ұйымдастырады.

 Спринттік және топтық жарыс түрлері бойынша сайыстар 18–22 тамыз аралығында «Сарыарқа» велотрегінің трегінде өтеді. Жарысқа ерлер мен әйелдер, сондай-ақ 15–16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады.

 Чемпионатқа әлемдік және азиялық біріншіліктердің қазіргі чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ ұлттық құрама сапына қосылуға үмітті жас спортшылар жиналады.

Ұйымдастырушы: @kcfkz

Бөлісу: