Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

04.02.2026

ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 2–19 ақпан аралығында Түркия Республикасының Аланья қаласында триатлоннан спринт қашықтықтағы юниорлар мен жастар арасындағы Азия чемпионатына (U19, U23) дайындыққа арналған оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Аталған жиынға «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының 8 спортшысы қатысып, халықаралық деңгейдегі маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалуда. Оқу-жаттығу бағдарламасы спортшылардың физикалық төзімділігін арттыруға, жарыс қарқынына бейімделуге және техникалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

Спортшылар тізімі:
1.         Айнегов Рамазан - спортшы

2.         Шевнин Матвей - спортшы

3.         Шевченко Арсений - спортшы

4.         Қанай Елмұрат - спортшы

5.         Маралбеков Алинаби

6.         Кельгин Владислав

7.         Нурмухамет Алуа

8.         Ким Аида

Жаттығу барысы мен спортшылардың жалпы дайындығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы тәжірибелі жаттықтырушы М. Мазурдың тікелей бақылауында.

Бөлісу: