Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

САДАҚ АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТІП ЖАТЫР

26.03.2026

САДАҚ АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТІП ЖАТЫР

25 наурыз күні Паттайя қаласында садақ атудан жастар құрамалары арасында Азия кубогі I кезеңі басталды.

Аталған халықаралық додаға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы атынан 5 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, Лян Виктория мен Мирзаметов Бунёд қола жүлдегер атанды. Бұл – жастар құрамасының дайындығы мен шеберлігінің айқын дәлелі.

Алдағы күндері спортшылар командалық сайыстарда бақ сынайды. Атап айтқанда, олар бірінші және екінші орындар үшін тартысты бәсекеде ел намысын қорғайтын болады.

Қатысушы спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, жеңісті күндер көп болсын деп сенім білдіреміз.

Бөлісу: