Жаңалықтар
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭ ЕСУДЕН ОЖЖ БАСТАЛДЫ
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭ ЕСУДЕН ОЖЖ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында 14 мамыр мен 3 маусым аралығында байдарка мен каноэде есуден U23 және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына дайындық мақсатындағы оқу-жаттығу жиыны басталды.
Жиынға «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы атынан 12 спортшы қатысуда. Қазіргі таңда спортшылар жарыс алдындағы дайындықтарын күшейтіп, техникалық және физикалық шеберліктерін шыңдауда.
Спортшылар тізімі:
1. Емельяненко Анна
2. Емельянова Алина
3. Костенко Эвелина
4. Прядка Злата
5. Таранов Тимофей
6. Иман Нұртілек
7. Дергунов Никон
8. Лыжин Савелий
9. Холмогоров Дмитрий
10. Бровкова Мария
11. Кленин Денис
12. Краснонос Егор
Оқу-жаттығу процесін тәжірибелі жаттықтырушылар Станкеев М.П. және Бежнар Е.И. бақылап, спортшылардың дайындығын қадағалауда.
Алдағы Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар бұл жиын барысында өз мүмкіндіктерін арттырып, халықаралық додаға тыңғылықты дайындалмақ.