Жаңалықтар
Астанадағы Ұлттық лига: «Астана» «Каспийді» қабылдауда
25 және 26 қантар елордада,елдер командалары арасында Ұлттық Лиганың баскетбол бойынша Қазақстан чемпионаты ойын сериясы басталады. Елордалық баскетбол тобы Ақтау қаласының «Каспий» командасын қабылдайды.
Жетістіктері:
Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015
Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері: 2012, 2013
Командалар осы маусымда бірінші рет кездеседі.
«Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушысы Михаил Карпенко алдағы ойындар сериясы туралы:
-Біріншіден, айта кететін жайт, бұл ойындар мен үшін жай ойындар емес, өйткені өткен үш жыл бойы мен Ақтауда жаттықтырушы көпірін өткердім және бұл команданың көптеген ойыншыларымен ұзақ жолды өттім, командамен бірге, біз прогресске жеттік. Бірақ, ертенгі ойында «Каспий» маған бәсекелес болады. Біз алаңға ЦСКА болсын, «Каспий» болсын шығуымыз, алаңда бірдей күш салуымыз, білетін нәрселерімізді максимальді түрде дұрыс жасауымыз керек.Ұлттық чемпионаттың ережелеріне сәйкес, қазақстандықтар көбірек ойын уақытын алады. Мен олардан жарық та күшті ойын күтемін. Өйткені, олардың көбісі ойын уақытын сағынып қалды. Біз командалық химияны жақсартуға, өзіміздің өзара байланысымызды жақсартуға және де,әрине, тек қана жеңіс үшін ойнауға тырысамыз.
Ойындар республикалық «Сарыарқа» велотрегінің залында өтетінін еске сала кетейік. Басталуы 19:30-да. Матчқа кіру тегін!
Ақпарат көзі: pbcastana.kz