Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ

11.02.2026
Ағымдағы жылдың 11 ақпанында РМҚК «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығында  «Нұра» ауданы әкімдігінің аппаратымен бірлесіп Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған жиналыс өтті.

Жиналыс барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен басты ережелері таныстырылды. Жоба азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау, ашық қоғамдық талқылаулар және жаңа нормалар мен қағидаларды мұқият пысықтау нәтижесінде әзірленді.

Жаңа Конституция мәтіні қалыптасқан мемлекеттілікті, халықаралық деңгейдегі беделді, сондай-ақ Қазақстанның адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияларды дамытуға басымдық беретін бағытын айқындайды. Ел болашаққа нық қадаммен қарап, тұрақты даму жолын ұстанатынын көрсетеді.

Бөлісу: