Жаңалықтар
СТЕНД АТУ БӨЛІМІ
СТЕНД АТУ БӨЛІМІ
2026 жылы «Астана» олимпиадалық даярлау орталығында стенд ату бөлімі бойынша жалпы саны 75 спортшы тіркелген.
Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай келесі санаттарға бөлінеді:
• жастар санаты – 22 спортшы;
• юниорлар санаты – 35 спортшы;
• жасөспірімдер санаты – 18 спортшы.
Стенд ату бөлімінде спортшыларды даярлау және олардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында 10 жаттықтырушы тұрақты негізде қызмет атқарады.
Жаттықтырушылар құрамының біліктілік деңгейі жоғары, оқу-жаттығу үдерісі бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда және жыл сайын тұрақты даму қарқынын көрсетіп келеді.
Спортшылар республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, орталықтың спорттық беделін арттыруға өз үлестерін қосуда.