Жаңалықтар
Париж, Франция
Сан-Кантин-ен-Ивелин - соңғы 55 жылда Парижде салынған бірінші велодром, француз велоспорт федерациясының штаб-пәтері. Осы іс-шараға байланысты француз велоспорт федерациясының өкілдері өздерінің әлемдік деңгейдегі,Тур де Франсты жеңе алатын командам құруға ниетті екенін жариялады.
Осы іс-шараға байланысты француз велоспорт федерациясының өкілдері өздерінің әлемдік деңгейдегі,Тур де Франсты жеңе алатын команда құруға ниетті екенін жариялады. Бұл идеяны ең алғашқы болып алдыңғы жылы ақпан айында, федерация президенті Давид Лаппартьен ұсынған болатын. Сол кезде Лаппартьен команда «француздық Sky» болу керек деп айтқан болатын. Жаңа мемлекеттік ,сонымен қатар Франция велоспортының штаб-пәтері атағын алған велодромның ашылуы Британия қайтарған жауап болып табылады. Ұлыбритания велоспортының федерациясы сияқты да, француздық федерация велодром мен жаңа штаб-пәтерді беделді тас жолдық велокоманда құру үшін трамплин ретінде пайдаланғысы келеді.
Велоспорттың француздық федерациясының атқарушы директоры Оливье Кегуненің айтуынша, жоспар тек қана тас жолмен аяқталып қоймайды,сондай-ақ тректегі, BMX-тағы, маунтинбайктағы және велокроссқа дейін жетеді. Ол айтты: «Ең басты мақсат- Тур де Франсқа қатысып және француздық ойыншымен бәйгені жеңу. Сонымен қатар, олимпиадалық ойындар да көп мақсаттардың бірі. Біз барлық дисциплинадағы спортшылармен жұмыс атқарамыз».
Әлі күнге дейін бас демеушісі жоқ команда пелотонда 2015 жылдан ерте көрінбейді. Бірақ үлкен ықтымалдықпен 2016 жыл туралы айтуға болады.