Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАҒЫ ЖЕҢІС!

14.07.2025

                           ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАҒЫ ЖЕҢІС!

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы, стенд атудан ұлттық құрама мүшесі Почивалов Максим Италия Республикасында өткен беделді «Green Cup» халықаралық турнирінде «скит» жаттығуы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Максим жарыс барысында жоғары шеберлік пен салқынқандылық танытып, барлық қарсыластарынан озып, бірінші орынға ие болды. Бұл жеңіс – спортшының қажырлы еңбегі мен үздіксіз жаттығудың нәтижесі.

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы Максим Почиваловты халықаралық деңгейдегі зор жетістігімен құттықтап, келешекте де жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдіреді!

Бөлісу: