Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Спорт күніне байланысты өткен спартакиададағы орталық қызметкерлерінің жетістіктері

17.08.2024

Бүгін спорт күніне орай туризм және спорт Министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында спартакиада ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында баскетбол және шағын футболдан өткен жарыста «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері 1-орынға ие болды.

Бақытжан Әзімжанов серіппе жаттығуында 2-ші орын алды. Сондай-ақ, Берік Дүйсембеков белтемір тартудан 3 орын иеленді.

Жалпы біздің орталық командалық есепте 2 орын алды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Аталмыш спорттық іс-шаралар физикалық дамуға ықпал етіп, жағымды естеліктер сыйлайды, әрі қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтары сөзсіз.

Бөлісу: