Жаңалықтар
МС "SILK ROAD” CONTINENTAL TOUR BRONZE LEVEL ЖАРЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТЕР
18.08.2025
Біздің жеңіл атлеттеріміз халықаралық жарыстарда керемет нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
Әйелдер арасындағы 4×400 м эстафетасында алтын медальды Залюбовская Александра мен Конищева Ирина жеңіп алды.
4×400 м аралас (MIX) эстафетасында да Залюбовская Александра алтын медаль иегері атанды.
Жекелей жарыстарда спортшыларымыз келесі нәтижелерге қол жеткізді:
– Залюбовская Александра — 400 м қашықтықта күміс медаль,
– Ермола Кристина — 100 м кедергілермен жүгіруден күміс медаль,
– Конищева Ирина — жеті сайыстан күміс медаль.
Спортшыларымызды тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз! Алдағы жарыстарда да жеңістер мен жаңа рекордтар тілейміз!