ALLUR ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОМОБИЛЬ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНА АВТОКӨЛІК КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

24.10.2024

Бүгін орталықтың мәжіліс залында Қазақстанның велосипед спорты федерациясы жылдың қорытынды іс-шарасын өткізді. Жиын барысында Allur қазақстандық автомобиль компаниясының өкілі Тимур Листовский жастар құрамасы үшін арнайы жабдықталған Jac автокөлігінің кілтін «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының директоры Андрей Витальевич Могилевскийге табыс етті. Сонымен қатар, ол велосипед спортын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Велосипед спортының жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталды. Мұның барлығы еліміздегі велоспорттың құндылығы мен маңыздылығының айқын дәлелі. Болашақта жаңа жетістіктер тілейміз!

Бөлісу: