«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы

ТРИАТЛОННАН ӘЛЕМ КУБОГІ ӨТІП ЖАТЫР

23.05.2025

ТРИАТЛОННАН ӘЛЕМ КУБОГІ ӨТІП ЖАТЫР

2025 жылдың 22–25 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында триатлоннан Әлем кубогі жарысы өтуде.

Аталған халықаралық жарысқа әлемнің 32 елінен келген 92 жоғары деңгейлі спортшы қатысуда. Бұл дода спортшылар үшін халықаралық рейтингтерде ұпай жинау мен алдағы ірі жарыстарға іріктеуден өту тұрғысынан аса маңызды саналатын бәсекелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының намысын жарыста «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы  спортшылары – Александр Тен және Егор Крупяков қорғауда.

Спортшыларымыз қазіргі таңда физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейінде, және олар бұл додада лайықты нәтиже көрсетуге ұмтылуда. Әлем кубогіне қатысу – қазақстандық триатлоншылар үшін тәжірибе алмасудың, халықаралық деңгейдегі спортшылармен бәсекелесу арқылы шеберлігін шыңдаудың тиімді алаңы. 

Бөлісу: