Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы

СТЕНД АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

01.07.2026

СТЕНД АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

29 маусым мен 12 шілде аралығында Италия Республикасының Тоди қаласында стенд атудан «Green Cup» халықаралық турнирі өтуде.

Жарысқа «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 3 спортшы қатысуда:
1. Горун Мария
2. Ринатов Санжар
3. Ринатов Данияр

Green Cup — маусымдағы ірі халықаралық чемпионаттар алдындағы стендтік атудан өтетін ең беделді халықаралық турнирлердің бірі. Жарыс жыл сайын Италияның Тоди қаласындағы Umbriaverde ату кешенінде ұйымдастырылады. Турнирге әлемнің үздік мергендері қатысып, өзара бақ сынайды әрі алдағы маңызды халықаралық жарыстарға дайындық деңгейін пысықтайды.

Бөлісу: