Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТ БӨЛІМІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

04.12.2025
ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТ БӨЛІМІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығында тас жол велоспорты бойынша жаттықтырушылардың жылдық есебі тыңдалды. Кеңес барысында Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, юниорлар және жастар құрамаларын дайындау бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды.

Жиын 3 желтоқсанда орталық директорының орынбасары Айгүл Бақытжанқызы Бектенованың төрағалығымен өтті. Отырыста аға жаттықтырушылар В. Н. Горбачевский, Н. Б. Күлімбетов, В. А. Брусенская, Т. Б. Келимбердин, сондай-ақ Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры В. В. Мазуренко, Қазақстан Республикасының велоспорт бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы Д. В. Гольцман және тас жол велоспортынан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы А. Б. Килибаев қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша спортшыларды даярлаудың негізгі көрсеткіштері талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, жаңа маусымға қойылатын міндеттер белгіленді.

Бөлісу: