Жаңалықтар
БАҚ өкілдері арасында шағын-футболдан Республикалық турнир өтеді
30 маусым сағ.10.00-де Сарыарқа велотрегінде (Қабанбай батыр, даңғылы, 42) Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған мини-футболдан республикалық турнир өтеді. Жылдан жылға БАҚ өкілдері арасында кең қолдау тапқан бұл турнирге биылғы жылы республикамыздың әр аймағынан 19 команда қатысуға ниет білдіріп отыр.
Сондай-ақ, 30 маусымда өткен жылы ұйымдастырылған «Үздік спорт журналисті» республикалық байқауының журналист-лауреаттары С.Бердіқұлов атындағы премиясымен марапатталады.
Айта кету керек, бұл турнир 1995 жылдан бері үнемі өткізіліп келеді және интернет-порталдардың қызметкерлері, газеттер, журналдар, радио және телевидение қызметкерлері арасында танымал.
Жеңімпаздардан басқа, ұйымдастырушылар 5 номинация бойынша үздік ойыншыларды марапаттайды. 28 маусым Журналистер күніне орай –с Қазақстан Республикасының спортының насихаттауға атсалысқан журналистер де марапаттан тыс қалмайды.
Байланыс: Айдос Рымқұл - 8708 4943120
Дереккөз: «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві
дирекциясы» РМҚК баспасөз-қызметі