Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Спортшы жолы: Александр Еременко

15.07.2024

2023 жылы садақ атудан Бангкокте (Таиланд) өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлде иеленіп, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Құрама мүшелерінің бірі – Александр Еременко 2005 жылы қазіргі Жетісу облысында дүниеге келген. Ұлттық құрамаға қосылғанына аз уақыт болса да, Олимпиадада қатысуға жолдама алды. Бүгінгі таңда әлемдік рейтингте 166-шы орында тұр. 2023 жылы командалық сайыс бойынша Азия құрлығының гран-при бәсекесінде қола жүлде иегері атанды.

Александр Еременконың Азия Чемпионатындағы көрсеткіштері Париждегі Олимпиада ойындарына жол ашып берді.

Бөлісу: