Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Спортшы жолы: Ильфат Абдуллин

16.07.2024

Ильфат Абдуллин 1998 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ кентінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшесі 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін садақ атумен айналысады. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы болып табылады. 2018 жылы Азия Кубогінде бірінші орын, 2022 жылы алтын медаль жеңіп алды. 2023 жылы ерлер арасында садақ атудан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ 2024 жылы Азия кубогінде күміс жүлдеге ие болды. Бүгінгі таңда талантты спортшы барлық уақытын Париж-2024 Олимпиада ойындарына дайындыққа арнайды, жеңіске деген ұмтылысы мықты.

Бөлісу: