Спортшы жолы: Константин Малиновский

03.07.2024

Оқ ату спорты бойынша «Париж 2024» Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алған Константин Малиновский 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында 50 метрден пневматикалық винтовкамен оқ ату жарысында 590 ұпай жинап, ақтық сынға өтіп, 5-ші орынға ие болды.

Константиннің жетістіктері:

·        Қазақстан Республикасының және Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы;

·        Азия чемпионы (Корея, 2023);

·        Дүниежүзілік Универсиаданың күміс және қола жүлдегері (Қытай 2023);

·        Әлем Кубогының күміс жүлдегері (Индонезия, 2023).

Константин Малиновский оқ ату спорты бойынша Қазақстандағы ең талантты спортшылардың бірі болып табылады. Бүгінге дейін жеткен жетістіктері жастарды шабыттандырып, «Париж-2024» Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғайтынына үміттендіреді.

Бөлісу: