Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Спортшы жолы: Никита Чирюкин

03.07.2024
Никита Чирюкин 2002 жылы 5 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Биыл тапаншамен нысана көздеу (25 метр) спорт түрі бойынша «Париж-2024» Олимпиада ойындарына қатысады. Қазіргі жеке бапкері – Рашид Юнусметов.
Никита Чирюкинның жетістіктері:
* Азия чемпионы (Джакарта, 2024 ж.);
* жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (Шымкент, 2024 ж.);
* Әлем Кубогының күміс жүлдегері (Каир, 2024 ж.);
* Азия ойындарының қола жүлдегері (Ханчжоу, 2023 ж.);
* жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы (Чханвон, 2023 ж.);
* жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Чханвон, 2023 ж.);
* Әлем кубогінің жеңімпазы (Джакарта, 2023 ж.);
* жазғы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері (Чэнду, 2023 ж.);
* жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (Доха, 2019 ж.);
* жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (Доха, 2019 ж.);
* жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Доха, 2019 ж.);
* ҚР-ның VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы, бірнеше дүркін чемпионы (Астана, 2023 ж.)
Никита нысана көздеу спортымен ерте жастан бастап шұғылданады. Еңбекқорлығы мен табандылығының нәтижесінде аз уақыттың ішінде Қазастандағы болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылардың қатарына енді. Рашид Юнусметовтың жетекшілігімен ұлттық және халықаралық жарыстарда көптеген медальдарға ие болып, спорттағы жетістіктерін жақсартты. Никита Чирюкиннің турнир, чемпионаттардағы жоғары көрсеткіштері Олимпиада ойындарына қатысуға дайын екендігінің куәсі.
Бүгінде мерген келе жатқан Олимпиада ойындарында үздік атану үшін тынымсыз дайындалып жүр. Никита Чирюкин көптеген жас спортшылар үшін үлгі.

Бөлісу: