Жаңалықтар
«ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ» АЙДАРЫ: САДАҚ АТУ
2024 жылдың 17-24 маусымы аралығында біздің орталықтың спортшылары Түркия елінің Анталия қаласында садақ атудан өткен Әлем кубогінің 3-кезеңіне қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Жексенбинова Адель мен Тютюн Андрей командалық миксте алтын медальға ие болды. Аға жаттықтырушы – Бұзауов М.С.
Сонымен қатар, 27 қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін Қытайдың Тайбэй қаласында жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Сайысқа жаттықтырушы Избасарова Б. және Шин В. жетекшілік ететін 6 спортшы қатысып, ел намысын қорғады. Қорытынды төмендегідей:
Тютюн Андрей — 3-орын (компаунд, юниорлар арасында командалық микс)
Вебер Рудольф — 4-орын (компаунд, юниорлар арасында командалық құрам)
Әсет Адемир — 4-орын (компаунд, юниорлар арасында командалық құрам)
Магжанов Владислав — 5-орын (классика, юниорлар арасында командалық құрам)
Жаңбырбай Дәулеткелді — 5-орын (классика, юниорлар арасында командалық құрам)
Жетістікке жеткен спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды құттықтаймыз! Келешекте бұдан да үздік нәтижеге қол жеткізулерін тілейміз!