Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ» АЙДАРЫ: ТРИАТЛОН

19.12.2024

2024 жылдың 13 қазанында Қытайдың Гонконг қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Аубакиров Мұрат жетекшілік ететін алты спортшы қатысқан болатын.

Сайыс қорытындысы бойынша Рамазан Айнегов супер-спринтте алтын медаль жеңіп алды. Ержанова Диана төртінші, ал Мұрат Әлхам, Шнейдер Карелия алтыншы орынға табан тіреді.

7-10 қараша аралығында біздің триатлоншыларымыз Сауд Арабия елінің Эль-Джубайль қаласында өткен Азия чемпионатына қатысты. Нәтижесінде, Ержанова Диана микс эстафетасында күміс медаль иеленіп, спринтте алтыншы орын алды. Сонымен қатар, спринтте Қанат Елмұрат алтыншы орынға ие болды.

Жүлдегер атанған спортшыларымызды құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!

 

 

Бөлісу: