Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«БІЗДІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» АЙДАРЫ: АЙШАМБЕК ИБРАШЕВ

10.12.2024

Айшамбек Ибрашев — «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының академиялық есуден сегізжылдық еңбек өтілі бар жаттықтырушысы. Ол өзін осы уақыт аралығында аталған спорт түрі бойынша ең білікті мамандардың бірі ретінде көрсете білді. Жаттықтырушының кәсібилігі, тәжірибесі және жұмысына деген сүйіспеншілігі шәкірттерінің жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне септігін тигізді.

Айшамбек Ибрашев балаларға есу техникасын үйретіп қана қоймай, оларды тәртіп пен шыдамдылыққа баулып, командалық рухты тәрбиелеу арқылы жаңа биіктерге шабыттандырады. Дәл осындай жаттықтырушылар болашақ чемпиондар үшін үлгі әрі нағыз тәлімгер екені сөзсіз.

Бөлісу: