Жаңалықтар
Орталық директоры ұжымды спорт күнімен құттықтады
16.08.2024
«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының директоры Андрей Витальевич Могилевский ұжымды спорт күнімен құттықтап, қызметкерлерге спортты дамытуға қосып жүрген елеулі үлестері үшін грамоталар марапаттар табыс етті.
«Құрметті әріптестер! Сіздерді спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке спорт саласында еңбек ететін мамандардың күш-жігерін, еңбегі мен табандылығын, жаңа жетістіктерге жетуге деген ұмтылысын бейнелейді деуге болады. Спорт күні барлығымыз үшін шабыт пен биік белестердің қайнар көзі болсын. Баршаларыңызға мықты денсаулық, күш-қуат және кәсіби қызметте де, жеке өмірде де жетістіктер тілеймін. Әрбір жаңа күн сәттілік пен береке әкелсін! Спорт әрқашан өміріңіздің ажырамас бөлігі болуын тілеймін! Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын! Жаңа шыңдарға жете берейік!»,- деп құттықтады директор.