РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

25.10.2024

Осыдан 2 жыл бұрын еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика күні қайта мерекелік маңызға ие болды. Бұл мейрам егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің құндылығын тереңінен түсіндіріп, бойдағы патриоттық сезімді оятады.

Республика күні – ұлттық мереке, ол халықты бірлікке, отансүйгіштікке шақырады. Республика күні – тек тарихи оқиға емес, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Әр ұрпақ осы мерекені атап өту арқылы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін еске алады және болашаққа нық сеніммен қарайды.

Біздің еліміз көпұлтты мемлекет, сондықтан бұл мереке халықтар арасындағы достық пен татулықты да дәріптейді. Ұлттық мереке құтты болсын! Көк байрағымыз желбірей берсін!

Бөлісу: