Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТМД-НЫҢ III ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

02.10.2025
САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТМД-НЫҢ III ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

2025 жылғы 2 қазанда Әзірбайжан Республикасының Ханкенди қаласында ТМД елдерінің III ойындары аясында садақ ату спортынан жарыстар басталады. Қазіргі таңда ұлттық құрамамыз дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Жаттығу процесіне аға жаттықтырушы Избасаров Б. пен жаттықтырушы Шин В. жетекшілік етуде. Мамандар спортшылардың физикалық және психологиялық дайындығына, сондай-ақ жарыс алдындағы тактикалық дайындыққа ерекше көңіл бөлуде.

Қазақстан құрамасының сапында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
1. Әбдрашит Т.
2. Қамар Р.
3. Майкибаев Р.
4. Тұяқ А.
5. Яхина А.
6. Солодовникова А.

Ұлттық құрама спортшылары бұған дейінгі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, тәжірибе жинақтап үлгерген. Осы жолы да Қазақстан командасы бар күш-жігерін салып, жеңіс үшін бақ сынайды деп күтілуде. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз

Бөлісу: