Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРЕК ВЕЛОСПОРТЫНАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ UCI 2025 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

19.08.2025
Қазақстанның ұлттық құрамасы 20–24 тамыз аралығында Апелдорн (Нидерланды) қаласында өтетін UCI 2025 Жасөспірімдер арасындағы трек велоспортынан әлем чемпионатына ресми түрде қатысуға шақырту алды.
Қазіргі уақытта спортшылар жарыс өтетін қалада дайындықтарын белсенді түрде жалғастыруда.

Қазақстан құрамасының құрамы:
* Диас Базарбеков
* Данил Журавский
* Аркадий Шемет
* Аружан Қабдулова
* Динара Көпжасарова

Бапкерлер құрамы: Светлана Тарасова, Павел Воржев
Механик: Игорь Ардашев

 Осы деңгейдегі жарыстар – жас спортшылар үшін өз күштерін сынап көруге, құнды тәжірибе алуға және болашақта ересектер арасындағы халықаралық жарыстарға кәсіби жолын жалғастыруға тамаша мүмкіндік.

Бөлісу: