Жаңалықтар
БҮГІН АСТАНАДА III ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ – ТРИАТЛОНШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛДЫҚ
БҮГІН АСТАНАДА III ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ – ТРИАТЛОНШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛДЫҚ
Бүгін түнде Астана қаласының халықаралық әуежайында Бахрейнде өтіп жатқан III Жасөспірімдер ойындарында «Суперспринт» сайысында күміс медаль иеленген Қазақстан триатлон құрамасын қарсы алу рәсімі өтті. Ойындар 2025 жылдың 31 қазанында аяқталады.
Команданың мақтанышы Айнегов Рамазан (Астана қаласы), ол тамаша нәтиже көрсетіп, елімізге лайықты күміс медаль әкелді.
Құрама құрамында өнер көрсеткен спортшылар:
1. Бедрин Артём – Ақмола облысы
2. Мұрат Альхам – Алматы қаласы
3. Нұрмұхаммет Алуа – Астана қаласы
4. Шнейдер Калерия – Шымкент қаласы
Аға жаттықтырушы:
Гидич Каролина Игоревна
Спортшыларды әуежайда қарсы алуға келген ата-аналарға, жанкүйерлерге және спорт ұйымдарының өкілдеріне алғыс білдіреміз. Команданы алдағы жарыстарда жаңа бастамалар мен жеңістер күтеді.