Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ЩУЧИНСК 2025: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ

21.01.2025

2025 жылдың 11-24 қаңтары аралығында Щучинск қаласында ескек есу слаломы бойынша ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиыны спортсмендерді алдағы Азия чемпионатына дайындауда маңызды рөл атқарады.

Жаттығу уақытында ескекшілер физикалық формаларын әлдеқайда жақсартып, төзімділік, күш пен ептіліктерін шыңдай түсетін болады. Аталғандардың барлығы халықаралық аренада үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске бір табан жақындатпақ.

Спортшылар ескек есу техникасын жаттықтыруға, қайықты дұрыс бақылауға және кедергілерге төтеп беруді үйренеді, бұл ескек есу слаломындағы күрделі жолдарды жүзіп өтуге көмектесінін айта кеткен жөн.

Аға жаттықтырушы Светлана Куликова команданың чемпионаттың жоғары талаптарына дайын болуы үшін барын салып, ұсыныстарын айтып, әр спортшының нәтижелерін мұқият қадағалайды.

Бұл оқу-жаттығу жиыны Азия чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады, спортшыларды халықаралық аренадағы үлкен бәсекелестікке бейімдеп, ірі жарыстарда психологиялық тұрғыда мықты болуға баулиды.

Жаттығу қатысушылары:

Серікқазы Нұрлыбек

Ларионова Виктория

Пастушенко Дарья

Маулеткан Алуа

Куликова Светлана – аға жаттықтырушы.

Бөлісу: