Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТРИАТЛОН БӨЛІМІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

08.12.2025
ТРИАТЛОН БӨЛІМІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

2025 жыл 8 желтоқсанда «Астана» олимпиадалық даярлау орталығында триатлоннан жасөспірімдер, юниорлар және жастардан құралған Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлау бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған триатлон бөлімінің жаттықтырушылар есептік кеңес өтті.

Отырысқа орталық директорының орынбасары Бектенова Айгүл Бақытжанқызы төрағалық етті. Кеңес жұмысына жастар құрамасының аға жаттықтырушысы М.Т. Аубакиров, сондай-ақ юниорлар мен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы К.И. Гидич қатысты.

Кеңес барысында спортшыларды даярлау бойынша негізгі көрсеткіштер талқыланып, өткен маусымның нәтижелері жан-жақты сарапталды. Сонымен қатар алдағы спорттық маусымға арналған басым бағыттар мен негізгі міндеттер айқындалды.

Бөлісу: