Спортшы қыздар күмістен алқа тағынды

10.06.2024

Спортшы қыздарымыз Диана Сабекова, Ангелина Сорокина және Адель Садақбаева стенд атудан халықаралық жарыста скит команда жаттығуы бойынша күміс медальға қол жеткізді. 

Сайыс 5-10 маусым аралығында Италия елінің Тоди қаласында өткенін еске сала кетейік. Оған «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 12 спортшысы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды құттықтаймыз!

Бөлісу: