Жаңалықтар
Спортшыларымыз садақ атудан Әлем кубогінің ІІ-кезеңіне қатысуда
Садақ ату – төзім мен жігерді, дәлдік пен ерекше назарды талап ететін спорт түрі. Осы спортпен айналысу арқылы адам ағзасында зат алмасу процесі артып, бойда энергия көбейеді. Сонымен қатар, бастаған істі соңына жеткізуге, діттеген мақсатқа жетуге құлшыныс сыйлайды. Қазіргі тағда «Астана» Олимпиадалық орталығының спортшылары Оңтүстік Корея елінің Инчхон қаласында садақ атудан өтіп жатқан Әлем кубогінің ІІ-кезеңіне қатысуда. Мамыр айының 20-сында басталған додада біздің 3 спортшымыз бен 1 аға жаттықтырушы ел намысын қорғап жатыр. Олар:
1. Юнусова Роксана
2. Тютюн Андрей
3. Мирзаметов Бунед
4. Бузауов Мұрат – аға жаттықтырушы.
Әлем кубогі 27 мамырға дейін жалғасады. Мергендерімізге сәттілік тілейміз!