Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ОРТАЛЫҚ СПОРТШЫСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

13.10.2024

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Рамазан Айнегов триатлоннан Азия чемпионатында U15 жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды. Тартысты дода бүгін Қытайдың Гонконг қаласында өтті.

Чемпионатқа 12 мемлекеттен жиналған 102 триатлет қатысқан болатын. Қазақстанның намысын орталықтың аға жаттықтырушысы жетекшілік ететін 6 спортшы қорғады.

Абыроймен өнер көрсетіп, көк туымызды желбіреткен Рамазанды чемпион атануымен құттықтаймыз! Біз сені мақтан тұтамыз! Алға, Қазақстан!

Бөлісу: