Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Спортшы қыздар тас жол велоспортының халықаралық жарыстарына дайындық үстінде

02.04.2024

Сәуірдің 1-і мен 19-ы аралығында «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының (ОДО) қыздар тас жол велоспорты бөліміндегі спортшылар халықаралық жарыстарға дайындық және қатысу үшін оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Жаттығу жиынының негізгі міндеттері – жалпы төзімділікті дамыту, арнайы дене шынықтыру жаттығуларының көмегімен дене дайындығын сақтау, ерекше күш сапаларын дамыту, аэробтық төзімділік деңгейін жүйелі түрде арттыру және спорттық шеберлік кезеңіне сай спортшыларды дайындау.

Жиынға келесі құрам қатысады: Василенко Ксения, Голынская Виолетта, Кабдулова Аружан, Кунецкая Ангелина, Шаф Дарья, Ташланова Надежда, Кулимбетов Нұрболат – жаттықтырушы.

Бөлісу: