Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ЕСУ СЛАЛОМЫ СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИАНАТТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

26.02.2026

ЕСУ СЛАЛОМЫ СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИАНАТТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

2026 жылдың 24 ақпанынан бастап Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласынада есу слаломы бойынша U18 және U23 жас санаттарындағы спортшылар Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиынын бастады.

Аталған жиынға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 10 спортшысы қатысуда. Атап айтқанда:
Мәмбетов Иманғали,
Рябко Владислав,
Коробов Александр,
Иванов Назар,
Ларионова Виктория,
Носкова Анастасия,
Рынк Тимур,
Белов Никита,
Вишняков Никита,
Таранцева Екатерина.

Спортшыларды тәжірибелі жаттықтырушылар Королева О.С. мен Смирнова Е.В. дайындауда. Оқу-жаттығу жиыны 1 наурызға дейін жалғасады. Бұл кезең алдағы халықаралық жарыстар алдындағы маңызды дайындық сатысы болып саналады.

Бөлісу: