Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУДА
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУДА
2025 жылдың 20–27 қыркүйек аралығында Руанда Республикасының Кигали қаласында тас жол велоспортынан Әлем чемпионаты өтуде. Бұл – құрлықтың түкпір-түкпірінен келген ең үздік спортшыларды жинайтын маңызды халықаралық спорттық оқиға.
Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығынан төрт спортшы қатысуда. Олар жаттықтырушы Горбачевский В.Н. жетекшілігімен бақ сынауда:
· Чжан Кирилл
· Куйтенов Мурат
· Елькина Мария
· Буренкова Ангелина
Біздің спортшылар жаһандық аренада ел намысын лайықты қорғап, жеңіске деген жігерін, табандылығын және жоғары дайындық деңгейін көрсетіп келеді. Бұл чемпионат – олардың спорттық мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі және әлемнің үздік велошабандоздары арасында өздерін танытуға берілген үлкен мүмкіндік.
Қазақстан құрамасына сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз! Бұл чемпионат спортшыларымызға тек қана баға жетпес тәжірибе емес, сонымен қатар лайықты жеңістер әкелсін!