Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Стенд ату бөлімінің спортшылары Азия кубогіне дайындалуда

13.09.2024

5-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында стенд атудан Азия кубогі алдындағы арнайы және жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтуде. Оған «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 13 спортшысы, аға жаттықтырушы мен массаж жасаушы қатысуда.

Мергендеріміз стенд атудан жоғары нәтижелер көрсетіп жүр, спорттық біліктіліктері жоғары. Спортшыларымызға сәттілік пен алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз!

Айта кеткен жөн, стенд ату спорты көздің көруін жақсартып, дене бұлшық еттерінің қызметін дамытып, адамға өзін-өзі бақылауды үйретеді. Ойды тазартып, стрессті жеңуге көмектеседі және діттіген мақсатқа жету қабілетін арттырады. Аталған спорт түрімен шұғылдану арқылы созылмалы аурулардың алдын алуға да болады.

Бөлісу: