Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

СТЕНД АТУЫНАН СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

29.09.2025
СТЕНД АТУЫНАН СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

2025 жылдың 27 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Кипрдің Ларнака қаласында стенд ату спортынан оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Бұл жиын алдағы әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылған.

Жиынға «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы спортшылары да қатысуда:
1. Илья Пеньков
2. Алишер Айсалбаев

Оқу-жаттығу жиындарының негізгі мақсаты – спортшылардың физикалық дайындығын арттыру, тактикалық шеберліктерін жетілдіру және командалық бірлікті нығайту. Жаттықтырушылардың жетекшілігімен спортшылар күнделікті қарқынды жаттығулар өткізіп, техникалық дайындықтарын шыңдауда және жарысқа оңтайлы формада шығуға бар күшін салуда.

Спортшыларымызға табысты дайындық пен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетулерін тілейміз!

Бөлісу: