Жаңалықтар
СТЕНД АТУДАН СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ГРАН-ПРИІНДЕ БАҚ СЫНАУДА
03.11.2025
СТЕНД АТУДАН СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ГРАН-ПРИІНДЕ БАҚ СЫНАУДА
2025 жылдың 31 қазанынан 8 қарашасына дейін Кувейт мемлекетінің Әл-Кувейт қаласында стенд атудан Азия Гран-приі өтуде. Бұл жарыс – құрлықтың ең мықты мергендерін біріктіретін беделді халықаралық бәсеке болып табылады.
Аталған додаға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары мен жаттықтырушылары қатысуда.
Спортшылардың дайындық деңгейі мен жарыс барысындағы жағдайын бақылап, әдістемелік қолдау көрсетіп отырған:
• Кудрявцев В.И. – аға жаттықтырушы
• Фокеев В.В. – жаттықтырушы
Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан команда құрамында:
1. Айсалбаев Әлішер
2. Садақбаева Адель
3. Моисеев Никита
4. Пеньков Илья
Жарыс барысында спортшыларымыз Азия құрлығының үздік мергендерімен тәжірибе алмасып, өз шеберліктерін шыңдауда. Бұл турнир олардың халықаралық деңгейдегі тәжірибесін арттыруға және алдағы ірі додаларға дайындық сапасын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз!