Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

САДАҚ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

10.11.2025
САДАҚ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

2025 жылдың 7–14 қарашасы аралығында Бангладештің Дакка қаласында садақ атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста Қазақстан атынан «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының садақ ату бөлімшесінің спортшылары бақ сынауда.

Құрама команда құрамында:
1. Лян Виктория Вячеславовна
2. Мирзаметов Бунёд Хабибулаевич
3. Юнусова Роксана Равшатовна
4. Тютюн Андрей Андреевич
5. Землянова Александра Сергеевна
6. Жексенбинова Адель Әлібекқызы

Жарыс барысында спортшылардың денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауапты бапкер – Н.М. Сайдиев.

Азия чемпионаты – маусымдағы басты жарыстардың бірі. Мұнда құрлықтың ең үздік мергендері жиналып, өз шеберліктерін сынайды. Бұл турнир қазақстандық спортшылар үшін халықаралық деңгейдегі жарыстар мен әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады.

Спортшыларымызға сәтті өнер көрсетіп, нысананы дәл көздеп, жоғары нәтижелерге жетулерін тілейміз!

Бөлісу: