Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТРИАТЛОННАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫН БАСТАЛДЫ

20.05.2026

ТРИАТЛОННАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫН БАСТАЛДЫ

18 мамыр мен 4 маусым аралығында Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында триатлоннан супер-спринт қашықтығы бойынша ересектер, юниорлар және жасөспірімдер (Elite, Youth, U15) арасындағы Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Оқу-жаттығу жиынына «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы құрамынан 8 спортшы қатысуда. Спортшылардың дайындығына аға жаттықтырушы Абдрахманов А.Б. жетекшілік етеді. Сондай-ақ оқу-жаттығу процесіне механик Ринатов И.Р. қызмет көрсетуде.

Жиынға қатысушы спортшылар:
• Шнейдер Калерия
• Нурмухамет Алуа
• Депершмидт Гор
• Айнегов Рамазан
• Бузуртанова Ясмина
• Нурланқызы Алтынай
• Суховольский Александр
• Павлов Матвей

Бөлісу: