Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Стенд ату бойынша халықаралық жарыстарға дайындық: Италияның Тоди қаласындағы оқу-жаттығу жиындары

20.05.2024

2024 жылдың 20 мамыры мен 4 маусымы аралығында Италияның Тоди қаласында «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының споршылары арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Бұл шара алдағы халықаралық стенд ату жарыстарына дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады.

Оқу-жаттығу жиынына тәжірибелі жаттықтырушылар жетекшілік ететін, шеберліктерін шыңдап, дене шынықтыруды көздейтін 13 спортшы қатысып жатыр. Сондай-ақ, командада спортшыларға жан-жақты қолдау көрсететін аға жаттықтырушы, 2 жаттықтырушы және массаж жасаушы бар.

Қатысушылардың құрамы:

1. Ещенко Эдуард

2. Сабекова Диана

3. Асади Рахим

4. Пеньков Илья

5. Стрельцов Даниил

6. Садақбаева Адель

7. Досмағамбетова Айжан

8. Сарманова Наргиза

9. Айсалбаев Әлішер

10. Айсалбаева Асылхан

11. Почивалов Марк

12. Царев Егор

13. Почивалов Даниил.

Жаттықтырушылардың құрамы:

14. Кудрявцев Виталий – аға жаттықтырушы

15. Фокеев Виталий – жаттықтырушы

16. Виталий Бурдель – жаттықтырушы

17. Абдулакимова Садоқат – массаж жасаушы.

Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты – спортшылардың техникалық-тактикалық шеберлігін шыңдау, төзімділікті арттыру, мергендікті дамыту, сонымен қатар олардың дене дайындығын арттыру. Тоди қаласындағы шарада азаматтар бірегей жаттығуларды жасайтын болады. Бұл алдынғы жарыстарда жіберіп алған қателіктерді түзеп, одан сабақ алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, алдағы халықаралық додаларда үздік атануға септеспек.

Тоди қаласындағы оқу-жаттығу жиындарының маңыздылығы

Италиядағы оқу-жаттығу базаларының өзіндік ерекшелігі бар. Дәл осы жақтағы дайындық жұмыстары спортшылардың күшін көбейтіп, бойдағы қабілеттерін одан әрі ашуға тамаша мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу жиындарынан не күтеміз?

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары асқан шеберлік танытып, алдағы сайыстарда жоғары нәтиже көрсетуге ниетті. Аталмыш жиындар физикалық көрсеткіштерді арттырып, халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілікті шыңдауға септеспек.

Біз оқу-жаттығу жиындарының барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз! Спортшылардың еңбекқорлығы мен талпыныстары стендтік атудан халықаралық жарыстарда елеулі нәтиже береді деген үміттеміз.

Бөлісу: